09.04.2018, 20:36 4970

Сәтбаевтыӊ 119 жылдығы қарсаӊында "Рухани жаӊғыру: тұлға тағылымы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Қаныш Сәтбаев: "Меніӊ халқым менен де биік"

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасында, қазақ халқыныӊ біртуар азаматы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтыӊ 119 жылдығы қарсаӊында ғалымныӊ өмірі мен қызмет жолына арналған "Рухани жаӊғыру: тұлға тағылымы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Қазақстан ғылым саласыныӊ негізін қалаған Қ.И.Сәтбаевтыӊ туған күнімен Ғылым қызметкерлерініӊ күні тұспа-тұс келеді. Аталмыш мереке Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2011 жылғы 20 қазанда жарияланған №164 Жарлығымен бекітілді.

Іс-шараны Елбасы кітапханасы "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС және "Зерайна" қоғамдық қорыныӊ қолдауымен, академик Қ.И. Сәтбаевтыӊ мемориалдық музейімен бірлесе ұйымдастырып отыр.

- Ұлтымыз бен еліміздіӊ тарихы Қаныш Имантайұлын жер қойнауыныӊ қыр-сырын білетін көрнекті ғалым, геолог, өз дәуірініӊ ірі ойшылы мен белгілі табиғат зерттеушісі ретінде сипаттайды. ХХ ғасырдағы Қазақстанныӊ дамуына зор үлесін қосқан қоғам мен мемлекет қайраткері нағыз көшбасшыныӊ дәл өзі еді. Оныӊ ғылыми мұрасы - таптырмас дүние. Бүгінде Қ.И.Сәтбаев мұрасын металлогения, минералогия, геохимия, пайдалы қазбалар, стратиграфия, тектоника, география, экономика сынды т.б. ғылым салаларында жазылған 800 жарияланым құрайды. ...Былтыр Қазақстан Республикасы Президентініӊ Қазақстан халқына Жолдауында еліміздіӊ үшінші жаӊғыруы туралы сөз қозғалды. Бұл жаӊғыру елімізді озық 30 мемлекеттіӊ қатарына кіргізуді көздейді. Оныӊ негізгі үш үдерісі, атап айтқанда, саяси реформа, экономиканы және қоғамдық сананы жаӊғырту үдерістері іске қосылды. Сонымен қатар, Н.И.Назарбаев қоғамдық сананы жаӊғырту бағыттарыныӊ бірі ретінде білім саласын белгілегенін ескерген абзал. Осы тұста ұлтымыздыӊ бетке ұстар азаматы Қаныш Сәтбаевтыӊ ғылым дамуына қосқан үлесі мен еӊбек жолы кейінгі буын мен еліміздіӊ жас ғалымдары үшін қоғамдық сананы жаӊғыртудағы негізгі бағдар болып қала бермек, - деп Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорыныӊ орынбасары Имірхан Рахымжанов пленарлық отырысты ашты.

Тәжікстан Республикасыныӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Назирмад Ализодаөз баяндамасында биыл Қазақстан-Тәжікстан дипломатиялық қатынастарыныӊ орнағанына 25 жыл толатынын атап өтті.

- Бүгінде қос мемлекет арасындағы екіжақты қатынастар стратегиялық әріптестік бағытында дамып жатыр. Тәжікстан Үкіметі халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа, инновациялық зерттеулерге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Қаныш Сәтбаев сынды ғылыми қайраткерлер өз еӊбектерімен елдеріміз арасындағы ғылыми ынтымақтастық негізін қалап, оныӊ дамуына теӊдессіз ықпал етті. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазақ ғылымын әлемдік деӊгейге көтерді. Ғасырлар өткен сайын ұлы ғалымныӊ есімі кейінгі ұрпақтыӊ жадында мәӊгі жаӊғыра бермек. Қ.Сәтбаевтыӊ есімі Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымыныӊ даму тарихымен ғана емес, сондай-ақ республикадағы бүкіл халық шаруашылығыныӊ, барлық экономикалық және мәдени өмірініӊ қалыптасуы және дамуымен тығыз байланысты. Тәжікстан Ғылым академиясы Қ.Сәтбаевтыӊ есімін ғылыми жетістіктері, ғылымға және мемлекеттік қызметке сіӊірген еӊбегі үшін мәӊгілік ардақтайды, - деді Елші мырза. Сонымен қатар, ғалымныӊ ғылым саласына, ғылыми-ұйымдастырушылық және мемлекеттік қызметке сіӊірген еӊбектерін ескере келе, Тәжікстан Ғылым академиясы Геология, сейсмикалық берік құрылыс және сейсмология институтыныӊ ғимаратында академик Қ.И. Сәтбаевқа арнап мемориалдық белгі орнатылғанын хабарлады.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС бас директорыБақтияр ҚрықпышевҚаныш Сәтбаевтыӊ мыс кен орнын ашып, өӊірдіӊ дамуы мен Жезқазған қаласыныӊ құрылысына зор үлесін қосқанын белгіледі. Сонымен қатар спикер кен қорын дамыту бойынша "Қазақмыс" компаниясыныӊ жоспарларын атап өтті:

- 2018-2019 жылғы геологиялық барлау жұмыстарыныӊ бағдарламасына сәйкес, олардыӊ аумағы геологиялық білдектерді барынша жүктеген жағдайда 286 километрді қамтымақ. Қаржыландырудыӊ жалпы сомасы 12 миллиард теӊгені құрайтын болады. Кен қоры 140 миллион тоннаға өседі деген болжам бар,- деді Бахтияр Ибдірахманұлы.

Айтулы конференцияныӊ сыйлы мейманы болып Қ.И.Сәтбаевтыӊ немересі, "Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны директорыныӊ орынбасарыИлима Жармағамбетовашақырылды.

- Қаныш Сәтбаев есімініӊ орны еліміз үшін ерекше. Ол кісініӊ бүгінде дамып жатқан Қазақстан жер қойнауыныӊ байлықтарын ашқаны бәрімізге мәлім. Ғалым бүгінгі ғылым саласын қалыптастырды. Ол өз халқыныӊ нағыз жанашыры, патриоты болды. Оныӊ Уинстон Черчилльге айтқан: "Меніӊ халқым менен де биік" деген сөзі халқыныӊ жадында сақтаулы. 1951 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған тұсында Қаныш Имантайұлына Мәскеуде жұмыс істеуге ұсыныс түседі. Алайда ғалым қазақ екенін алға тартып, өз елінде қызмет етуді көздейтінін айтады. Сол кездері оныӊ құрастырған болжам картасы бүгінде Қазақстан геологиясы мен жер қойнауын пайдалану жұмыстарында қарқынды қолданылады. Өз отбасында негізі қаланған ғылым ұғымы мен адал еӊбек ұстанымдарыкейін халыққа да кеӊ етек жайды, - деді Илима Қайнекейқызы. Ғалымныӊ немересі қатысушы жастарды ғылыммен айналысуға шақырып, ғылымныӊ қайнар көзі өндірістен бастау алатынын белгіледі.

Тәжікстан Республикасы Ғылым академиясыныӊ Геология, сейсмикаға төзімді құрылыс және сейсмология институтыныӊ директоры Илхомджон Оймухаммадзодаөз сөзінде қос мемлекеттер арасындағы тығыз байланыстарға тоқталды:

- Қазақ халқыныӊ белгілі ғалымы Қаныш Сәтбаев Тәжікстан Республикасы Ғылым академиясыныӊ қалыптасуы мен дамуына көп еӊбек сіӊірді. Ол Тәжікстан Ғылым академиясыныӊ алғашқы ұйымдастыру сессиясыныӊ қатысушысы болды. Қаныш Имантайұлы Тәжікстанныӊ геология және сейсмология ғылымдарын дамытуға қосқан үлесі үшін "Тәжік КСР Ғылым академиясыныӊ құрметті академигі" атағымен марапатталды. Ол металлогендік карта құрастырудағы ереже мен тәжірибені дамытуда, Орта Азияда геологиялық ғылымды қалыптастыруда зор еӊбек сіӊірді. Қаныш Имантайұлы - КСРО Ғылым академиясы сайлаған академик, Орталық Азиядан шыққан тұӊғыш ғалым. Ғалым өзінен кейін мықты ғылыми мектеп, талантты ізбасарлар қалдырды. Сәтбаев атындағы Геологиялық институтымен орнатылған тығыз іскерлік байланыстыӊ арқасында көптеген тәжік ғалымдары докторлық диссертациялар қорғады. Шараны жоғары деӊгейде өткізіп отырған ұйымдастырушыларға шынайы алғысымды білдіремін.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігніӊ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасы Ақбатыр Надырбаев:

- Қазақстандағы ғылым саласына академик Сәтбаевтыӊ қосқан үлесі ұшан-теӊіз. Ғылыми-теориялық және өндірістік-практикалық жұмыспен қатар айналысқан ғалым Қазақстан жер қойнауын зерттеуде бір қатар жаӊалық ашып қана қоймай, ғылым саӊлақтарын тәрбиелеген ұлы ұстаз ретінде белгілі. Ол Қазақстан Ғылым академиясын құрып, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Ресей, Тәжікстан сынды елдермен қоян-қолтық қатынастар орнатты. Қаныш Имантайұлы ғылымға деген құштарлықтыӊ, Отанға деген махаббаттыӊ жарқын үлгісін көрсетті, - деді ол.

"Академик Қ.И.Сәтбаевтыӊ мемориалдық музейі" ММ директоры Бақытжамал Айтмұхамбетовамекеменіӊ негізгі қызметі мен Қаныш Имантайұлыныӊ ғылым тарихындағы рөлінен сыр шертетін баяндамамен шықты. К.Ақышев атындағы археология ғылыми зерттеу институтыныӊ директоры Марал Хабдулина конференция қатысушыларыныӊ назарына Сәтбаев әулетіне арналған баяндаманы ұсынды.

Конференция тақырыбы "Қ..Сәтбаевтыӊ ғылыми және адамгершілік-философиялық мұрасы","Қ.И.Сәтбаев шығармашылық мұрасыныӊ қолданбалы маӊызы" атты екі панельдік сессияда өз жалғасын тапты. Олардыӊ барысында шетелдік және отандық ғалымдар, сәтпаевтану саласындағы зерттеушілер мен сарапшылар Қ.И.Сәтбаевтыӊ Қазақстан ғылым саласына қосқан үлесін; ғалымныӊ ғылыми идеялары мен мұрасын дәріптеу жолдарын талдап, өскелеӊ ұрпақты Қаныш Имантайұлыныӊ үлгісінде құндылықтарға баулу амалдарын ортаға салды.

Іс-шара қатысушылары мен қонақтарыныӊ назарына Қ.И.Сәтбаевтыӊ өмірі мен қызмет жолына арналған кітап көрмесі ұсынылды. Олар аталмыш іс-шараныӊ мазмұны мен ұйымдастыру деӊгейіне биік бағасын берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны