30.06.2010, 17:53 7260

Сәтпаевтағы "Степной" кенішіндегі жарылыс қауіпсіздік техникасын сақтамағандықтан болған комиссия

"Жарылытың себебі - дәнекерлеу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау. Комиссия қорытындысы осындай",- деп хабарлады В. Пфаргер.

Қарағанды. 30-маусым. Kazakhstan Today ҚР ТЖМ ТЖ мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің тау-кен өнеркәсібін мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы Мақұтбек Қараторғаев бастаған комиссия Қарағанды облысының Сәтпаевтағы "Степной" кенішіндегі өз жұмыстарын аяқтады. Комиссияның мәліметтеріне сүйенетін болсақ, жарылыс қауіпсіздік техникасын сақтамағандықтан болған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысының ТЖД бастығының орынбасары Владимир Пфаргер хабалады.

"Жарылытың себебі - дәнекерлеу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау. Комиссия қорытындысы осындай",- деп хабарлады В. Пфаргер.

Естеріңізге сала кетсек, Қарағанды облысының Сәтпаев қаласындағы жарылыс салдарынан үш кенші қайтыс болып, біреу жарақаттанған. Төтенше оқиға 20-шы маусымда сағат 9.50 орын алған.

"Жезқазғантүстімет" ӨБ арнайы жөндеу-механикалық басқармасының құрамында 4 адам бар бригадасы жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жарылыс болып, жарылыс салдарынан 23, 28 және 37 жастағы кеншілер мерт болып, денесін күйік шалған 38 жастағы кенші ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 245 бабы бойынша (Кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны