13.01.2009, 16:25 2832

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 87% Ресей басшылығының саясатын мақұлдайды - сауалнама

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 87% Ресей басшылығының саясатын мақұлдайды - сауалнама

Душанбе. 13 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 87% Ресей басшылығының саясатын мақұлдайды. Осындай мәліметтерді Gallup қызметі жария етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Gallup қызметінің мәліметінше, бұрынғы Кеңестік республикалардың тұрғындары арасында Ресейдің саясатын қолдау рекордтық деңгейде. Атап айтсақ, Мәскеудің әрекеттерін Тәжікистанда - 92%, Қырғызстанда - 89%, Қазақстанда - 87%, Изербайжанда - 66%, Молдовада - 62%, Украинада - 53%, Беларусьта - 51%, Өзбекстанда - 50% қолдайды. Грузия мен Арменияда "қолдау деңгейі" "қабылдамау деңгейінен" төмен және ол тиісінше 22% және 30% құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны