08.07.2010, 10:48 4857

Сауд Аравиялық инвесторлар ВР акциясының 10 15 пайызын сатып алуы мүмкін

British Petroleum-ге Мексика шығанағындағы апат салдарын жоюға кеткен шығындарының орнын толтыру үшін айтарлықтай қаражат қажет. Компания төгілген мұнайды жинауға кеткен шығындарды жабу үшін 50 млрд АҚШ долларын тартуды жоспарлауда, деп хабарлайды интернет көзі.

Алматы. 8-шілде. Kazakhstan Today Сауд Аравиясының бір топ инвесторлары ВР мұнай компаниясы акциясының 10 15 пайызын сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Вести.Ru" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

British Petroleum-ге Мексика шығанағындағы апат салдарын жоюға кеткен шығындарының орнын толтыру үшін айтарлықтай қаражат қажет. Компания төгілген мұнайды жинауға кеткен шығындарды жабу үшін 50 млрд АҚШ долларын тартуды жоспарлауда, деп хабарлайды интернет көзі.

Атап айтқанда, қаражат тартудың бірінші сатысы 10 млрд АҚШ доллары көлеміндегі облигацияларды орналастырудан тұрады. Сонымен қатар, BP 20 млрд АҚШ доллары көлеміндегі несие тарту үшін банктермен келіссөздер жүргізуде. Ал қалған 20 млрд АҚШ доллары алдағы екі жылда компания активтерін сатудан түседі деп күтіліп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2010 жылдың 20 сәуірінде British Petroleum басқаруындағы Deepwater Horizon платформасында метан жарылған болатын. Екі күн өткен соң платформа суға батқан. Ал бір жарым шақырым тереңдікте зақымданған бұрғыдан мұнай атқылай бастаған. Апат кезінде Мексика шығанағына бірнеше миллион литр мұнай төгіліп, ол бұл апатты АҚШ тарихындағы ең ірі мұнай апатына айналдырды. Зақымданған бұрғыны ең берісі жаз соңында ғана бітеудің амалы болады деп күтілуде.

Мексика шығанағындағы апат British Petroleum-нің беделі мен қаржылық жағдайына аса үлкен нұқсан келтірді. Апат салдарын жоюға кеткен шығындардан бөлек BP өткен айда болашақ шығындар мен төлемдерге арнап 20 млрд АҚШ доллары көлеміндегі қор жинақтады. Сарапшылардың бағалауынша, жалпы шығын 60 млрд АҚШ долларына жетуі ықтимал. Deepwater бұрғылау платформасындағы апат басталғалы British Petroleum-нің капиталдық шоғырлануы 50 пайызға түсіп кетті. Баспасөз құралдарында ВР бәсекелестерінің бірі тарапынан жұтылуы ықтимал және концерн банкроттыққа ұшырайды деген сөздер шыға бастады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны