05.10.2007, 18:13 3403

«Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Дүниежүзілік сауда ұйымы жөнінде мәліметтерді тарату мақсатында семинарлар тізбегін жасауға бастамашы болды

«Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Дүниежүзілік сауда ұйымы жөнінде мәліметтерді тарату мақсатында семинарлар тізбегін жасауға бастамашы болды

Астана. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Дүниежүзілік сауда ұйымы жөнінде мәліметтерді тарату мақсатында шетелдік сарапшыларды тартумен семинарлар тізбегін жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кеше Астанада Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Еуропа одағында интеллектуалдық меншік құқығын қорғау: заңнама, реттеу және тәжірибе" тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға 150-ден астам студент қатысты.

Қазақстан Республикасындағы Еуропалық комиссия өкілдігімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жанындағы "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ шара ұйымдастырушысы болған.

Семинарды Интеллектуалдық меншік және технология беру орталығының директоры Юрий Капица жүргізді. Сонымен қатар, семинарға "Еуропа одағы мен Қазақстан Республикасы арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің іске асырылуын қолдау. ІІ кезең" жобасының құқықтық мәселелері бойынша аға кеңесші, "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ қызметкерлері, атап айтқанда, вице-президенті Руслан Сұлтанов, экономикалық сараптама департаментінің директоры Иділбек Ысқақ, корпоративтік даму басқармасының бастығы Инуар Күржікаев, Дүниежүзілік сауда ұйымының жан-жақты келісімдер департаментінің директоры Марина Сиротина қатысты.

Индустрия және сауда министрлігінің ақпаратына сүйенсек, Юрий Капица авторлық және патенттік құқық, Еуроодақтағы құқық, технологияның халықаралық және ішкі тасымалы бойынша зерттеулер тәжірибесімен бөліскен.

Көздеген мақсаттарының бірі қазіргі заманауи халықаралық сауда жүйесі және оны реттеу қағидалары, сауда саясатының өлшемдері туралы ақпарат пен білімді тарату болып табылатын "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Қазақстан Республикасының үкіметі 2006 жылы құрған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны