02.07.2008, 19:19 2832

Саудабаев мемлекеттік органдар мен ҚР президенті әкімшілігінің бір топ жетекшілеріне "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медальдарын тапсырды

Саудабаев мемлекеттік органдар мен ҚР президенті әкімшілігінің бір топ жетекшілеріне "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медальдарын тапсырды

Астана. 2 -шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев бүгін президенттің тапсырмасы бойынша мемлекет басшысының жарлығына сәйкес марапатталған мемлекеттік органдар мен ҚР президенті әкімшілігінің бір топ жетекшілеріне "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медальдарын тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік хатшы атап өткендей: "Жаңа астананы салу тәуелсіз Қазақстанның ең басты өршіл жобасы ғана емес, ол бүгінгі әлемдегі ең озық урбанистік жобалардың да ойдағыдай жүзеге асуы. Астана тәуелсіз Қазақстан мен оның тұңғыш президентінің тарихи табысы. Астана бүкіл еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тұрғыдан жаңарудың, қуатты дамуының басты қозғаушы күші болды.

"Астана - бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың шын мәніндегі адамдық және саяси ерлігі. Бүгін президент пен Қазақстан халқы "Еуразия маржаны" атанған өзінің жаңа астанасымен мақтануға толық қақылы. Бұл табыстарда - Елбасының елімізді дамытудағы стратегиялық бағытын іс жүзіне асырған көптеген, мыңдаған қазақстандықтардың күнделікті және қалыпты тұрақты ересен үлкен еңбегі, әрине, сіздердің де еңбектеріңіз. Бүгінгі награда сіздер атқарған осы істерге берілген марапат қана емес, сондай-ақ, мемлекет басшысы тарапынан сіздер алдағы атқарар жұмыстарда да өз қызметтеріңізде бұдан да зор табыстарға жетуге ұмтылады деген сеніммен берілген алдын-ала аванс" деп атап өтті мемлекеттік хатшы.

Марапатталғандардың ішінде Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сағдиев, президенттің кеңесшісі Е.Ертісбаев, Алматы қаласындағы Аймақтық қаржы орталығы агенттігінің төрағасы А.Арыстанов, Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау жөніндегі агенттіктің төрайымы Е.Бахмутова, Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары К.Жаңбыршин, Бірінші президент мұражайының директоры А.Сағынғали, президенттің жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Б.Сұлтанов, президенттің парламенттегі өкілдігінің жетекшісі А.Бейсенбаев, президент әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары М.Жақыпов, С.Қанаев, Е.Карин, С.Шалабаев және басқалар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны