03.05.2011, 11:45 7647

Сәуір айында Қазақстандағы инфляция 0,5 пайызды құрады

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 1%, азық-түлік емес тауарларға - 0,2%-ға өсті, ақылы қызмет көрсетулер өзгеріссіз қалған.

Астана. 3 - мамыр. Kazakhstan Today - Сәуір айында Қазақстандағы инфляция 0,5 пайызды құраған. Бұл туралы статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті. деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 1%, азық-түлік емес тауарларға - 0,2%-ға өсті, ақылы қызмет көрсетулер өзгеріссіз қалған.

Өткен айда бағаның өсуі нан және жарма өнімдеріне 1,1%, ал жармаларға - 3,6%, макарон өнімдеріне - 1,4%, ұнға - 1,3%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне - 1,2%, нанға - 0,9%-ға белгіленді. Баға жұмыртқаға 3,4%, қантқа - 2%, ет және құс етіне - 1,5%, күнбағыс майына - 1,3%, кондитерлік өнімдерге - 1,2%, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге - 1,1%, ірімшік және сүзбеге - 0,8%, алкогольсіз сусындарға - 0,7%-ға өсті. Бағаның төмендеуі күрішке 0,6%, картопқа - 1,3%, шикі сүтке - 2,9%-ға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтика өнімдеріне 0,2%, жеке күтімге арналған тауарларға, киім және аяқ киімге - 0,3%-дан, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,5%, цементке - 0,6%-ды құрады. Баға бензинге 0,4%-ға өсті, ал дизель отынына - 0,8%-ға төмендеді.

Шаштараздардың қызметтеріне 0,6%, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 0,5%, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігі - 0,4%, денсаулық сақтау мен мәдениет - 0,3%-дан қымбаттады.

Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтер суық суға 1,2%, орталықтан жылыту және ыстық суға - 0,3%-дан, кәрізге - 0,2%-ға төмендеді, ал үлестіру желілер бойынша тасымалданатын газға 0,6%, қоқыс жинауға - 1%-ға өскен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны