Система Orphus

Сәулет кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Қоры және Кітапханасы, Опера және балет театрының, Жаңа мешіттің таңдаулы нобай идеясы таңдалды

30.04.2009, 19:13 4248

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласының Тәуелсіздік Сарайында бүгін Қазақстан Республикасы жанындағы Сәулет кеңесінің отырысы болып өтті. Оған ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес отырысының құрамын шетел сәулет өнерінің шебері Эрик Кун (АҚШ), Рикардо Бофилл (Испания), Хиджас бин Кастури (Малайзия) қатысқан Астанадағы Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Қоры және Кітапханасы, Опера және балет театрының таңдаулы нобай идеясының халықаралық сәулет конкурсы және 5 мың адамдық Жаңа мешіттің таңдаулы нобай идеясына жарияланған республикалық ашық конкурстың қорытындысы шығарылды. Конкурс Астана қаласы әкімдігі мен қалалық сәулет және қалақұрылысы басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.

Конкурсты өткізу мақсаты - Қазақстанның жас елордасы Астана қаласының алдағы дамуы және ірі қала болуын қамтамасыз ету.

Ұсынылған жұмыстардың сәулет-жобалау және композициялық шешімі конкурс шарты бойынша Қазақстан елордасы туралы алғашқы көзқарасты қалыптастыру міндетін шешуі керек. Ұсынылған жобалар, мұнан өзге, айналадағы құрылыстың бейнелілігін, кеңістік тұтастығын, функционалды жеткіліктілігін қамтамасыз етіп, сондай-ақ, Астананың табиғи климаттық жағдайын есепке алуы қажет. Конкурста қарастырылған нысандар аймағы Астана қаласының шығыс бөлігінде орналасқан.

Конкурсқа қатысуға өтініш қабылдау үшін бекітілген мерзім осы жылдың 10 ақпаны мен 30 наурыз аралығы болатын. Осы уақытта конкурс комиссиясына әлемнің түрлі елдерінен 60 сәулеттік ұжым өз ұсыныстарын тастады. Конкурсқа үш нысан бойынша 57 конкурстық жұмыс келіп түсті. Оның 15-і шетел авторларының (Малайзия, Испания, Жапония, Дания, АҚШ, Швейцария, Бельгия, Италия, Австралия, Турция және Англия) және 42-сі қазақстандық сәулетшілер жұмысы болды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Қоры және Кітапханасының таңдаулы нобай идеясының халықаралық сәулет конкурсына барлығы 19 жұмыс келіп түссе, оның 9-ы шетелдік, 10-ы қазақстандық авторлар. Олардың ішінде Х.Кастури (Малайзия), Арата Исодзаки (Жапония), Бьярке Ингельс (Дания), Австралияның шығармашылық ұжымдары авторларының жұмыстары бар. Ал қазақстандық жобалар "KAZGOR" Жобалау академиясы, Астана, Алматы, Қарағанды сәулетшілерінің авторлығымен жасалынған.

Опера және балет театрының таңдаулы нобай идеясының халықаралық сәулет конкурсына барлығы 12 жұмыс келіп түскен. Оның ішінде 5 шетелдік автор, 7 қазақстандық авторлардың жұмысы. Ондағы шетелдік авторлар қатарында Р.Бофилл (Испания), Роберт Стерн (АҚШ) және "Роббрехт ен Дем Архитектен" бюросынан (Бельгия), Италия және Швейцария сәулетшілері бар. Қазақстандық авторлар бойынша Алматы, Қарағанды және Астана қалалары шығармашылық ұжымдарының жұмыстары ұсынылды.

Астана қаласындағы Жаңа мешіттің таңдаулы нобай идеясының республикалық ашық конкурсына 26 жұмыс келіп түсті. Оның 25-і Қазақстан бойынша, бір жұмыс Малайзиядан келіп түсті. Конкурс талаптарына сәйкес сәулеттік жобаларды бастапқы іріктеуді елорда Қалақұрылысы кеңесінің мүшелері, Астана қаласының бас жоспары ҒЗЖИ мамандарынан құрылған үш сарапшы топ жүргізді. Нәтижесінде 57 конкурс жұмысының 37-сі конкурс талаптарына сәйкес емес деп танылды. 20 жұмыс Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы елорда Сәулет кеңесінің қарауына жіберілді.

Аталған кеңес конкурсқа мына жобалар бойынша: Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Қоры - 8 жұмыс, оның ішінде тапсырыс бойынша (Жапония, Дания, Малайзия, Қазақстан) 4 жеке бастама бойынша (Австралия, Казахстан, Швейцария, Түркия, Англия); Опера және балет театры - 5 жұмыс, оның ішінде шетелдік авторлардан (Испаиния, АҚШ, Бельгия) 3 тапсырыс бойынша жұмыс және 2 жеке бастама бойынша жұмыс - Швейцария мен Қазақстаннан; Жаңа мешіт бойынша - 7 жұмыс, оның ішінде 1 жұмыс Малайзиядан және 6 қазақстандық автор жұмысын жіберді.

Кеңес мүшелері сондай-ақ, Астананың алдағы құрылысы бойынша да сұрақтарды талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны