14.08.2015, 18:35 4896

SCAT клиенттері Алматыдан Анталияға әлі ұша алмай отыр

Түркияға таӊғы сағат 06:00-де аттануы тиіс екі рейс бірнеше сағатқа кейінге шегерілді

Астана. 14 Тамыз. Kazakhstan Today - Түркияға таӊғы сағат 06:00-де аттануы тиіс екі рейс бірнеше сағатқа кейінге шегерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ бірі түнгі 4-тер шамасында ұшып кетсе, екіншісі кешкі 9-ға жоспарланған. SCAT компаниясыныӊ өкілдері бұл жағдайға ұшақтардыӊ Алматыға кеш келіп жатқаны себеп дейді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Естеріӊізге болса, күні кеше Анталияға Шымкенттен ұшатын рейс 5 сағатқа кешіккен болатын. Ол кезде компания өкілдері әуе техникасында ақау шыққанын айтып ақталды.

Виктория Ульянова, SCAT компаниясыныӊ ресми өкілі:

- Барлық транзиттік жолаушылар әуежай аумағындағы қонақ үйге орналастырылып, ыстық тамақпен қамтылды. Ал туристердіӊ шығыны Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасына сай туристік операторлар арқылы өтеледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны