18.04.2013, 09:52 3111

SCAT компаниясы Өскеменнен Мәскеуге, Алматы мен Көкшетауға қатынайтын әуе рейстерін ашты

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18-сәуірден бастап Өскемен-Көкшетау бағытына қатынайтын жаңа әуе рейсі ашылады. Рейс әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшырылады. Ал, сәуірдің 22-сінен бастап дүйсенбі және бейсенбі күндері Алматы-Үржар-Алматы рейсі ашылмақ.

Астана. 18-сәуір. Kazakhstan Today - SCAT компаниясы Өскеменнен Мәскеуге, Алматы мен Көкшетауға қатынайтын әуе рейстерін ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

SCAT әуе компаниясы Шығыс Қазақстан облысынан қатынайтын бірнеше рейс ашты.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18-сәуірден бастап Өскемен-Көкшетау бағытына қатынайтын жаңа әуе рейсі ашылады. Рейс әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшырылады. Ал, сәуірдің 22-сінен бастап дүйсенбі және бейсенбі күндері Алматы-Үржар-Алматы рейсі ашылмақ.

Сонымен қатар, компания 31-мамыр күні Өскемен-Мәскеу және Өскемен-Алматы бағытына қатынайтын әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр. Аталған бағытқа ұшатын жолаушылар Boeing 737 әуе кемесімен тасымалданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны