12.04.2016, 22:21 3995

SCAT ұшыру қызметініӊ директоры Алматы маӊындағы ұшақ апаты ісі бойынша 5 жылға сотталды

Алматы қаласы Алмалы аудандық соты SCAT авиакомпаниясы ұшыру қызметініӊ директоры В.Артеменкоға 21 адам қазаға ұшыраған авиация апаты ісі бойынша үкім шығарды

Алматы. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Алмалы аудандық соты SCAT авиакомпаниясы ұшыру қызметініӊ директоры В.Артеменкоға 21 адам қазаға ұшыраған авиация апаты ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Сот сотталушы В.Артеменконыӊ әуе көлігі қозғалысы мен пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзған, өзініӊ қызметтік міндеті бойынша бұл ережелерді сақтауға тиіс болса да, авиация апатына жол берілді, соныӊ салдарынан 21 адам абайсызда қазаға ұшырады", - делінген Алматы қалалық сотыныӊ баспасөз хабарламасында, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, 2013 жылғы 29 қаӊтарда Алматы облысыныӊ Талғар қаласы маӊында "Байсерке-агро" ЖШС аумағында "Көкшетау-Алматы" рейсін орындаған әуе кемесі апатқа ұшырады. Ұшақ жерге соғылып, қирады және оныӊ бортындағы бес экипаж мүшесі мен 16 жолаушы апат кезінде қазаға ұшырады.

Іс материалдарына сәйкес SCAT авиакомпаниясыныӊ ұшыру қызметініӊ директоры В.Артеменко ұшырулардыӊ қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, ұшыру қызметі қызметкерлерініӊ біліктілігін арттыруға, ұшыру экипаждарыныӊ оқыту бағдарламаларын мүлтіксіз орындауға тиіс болатын. Сонымен қатар ұшқыштардыӊ демалып, күш-қайратын қалпына келтіру құқығы да елеулі бұзылған.

Соттан хабарлағандай, В.Артеменко әуе кемесін басқаруға даярлығы нашар экипажға жол берген, бұл авиациялық оқиғаныӊ орын алуына тікелей әсер еткен.

Сот шешімімен ҚР ҚК 295-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасауға айыпты деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қоныс-колонияда өтеуге үкім шығарылды. Сонымен қатар белгілі бір қызметпен айналысуға 2 жылға дейін тыйым салу түрінде қосымша жаза тағайындалды.

Үкім заӊды күшіне енген жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны