15.10.2018, 14:25 4960

СДУ өнертапқыштары тұӊғыш отандық балаларға арналған Zhanuar 4D мобильді қосымшасын ойлап тапты

Бұл балаларға арналған шынайылықпен толықтырылған танымдық карточкалар. Жобаныӊ мақсаты - баланыӊ зейінін аулап, ой-өрісімен шығармашылығын дамыту.

Алматы. 15 қазан. Kazakhstan Today - СДУ өнертапқыштары балаларға арналған бірегей Zhanuar 4D мобильді қосымшасын ойлап тапты. Айта кеткен жөн, бүгінгі таӊда жобаныӊ Қазақстанда баламасы жоқ. Жоба авторларыныӊ пікірінше, қосымша "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, балалардыӊ ақыл-парасатын жетілдіруге едәуір үлес қосады.

Zhanuar 4D -"KZ жасалған" таӊбасымен әзірленген жүз пайыздық отандық өнім. Бұл балаларға арналған шынайылықпен толықтырылған танымдық карточкалар. Жобаныӊ мақсаты - баланыӊ зейінін аулап, ой-өрісімен шығармашылығын дамыту.Күнделікті қара-ала кітаптардыӊ бетін парақтау, замануи баланы тез жалықтырады, ал AR технологияларыныӊ көмегімен кейіпкерлерге жан бітіп, баламен тілдесіп, материалдыӊ күрделі жақтарын түсіндіріп, түп-негізін анықтауға көмек көрсетіледі. Augmented Reality(бейне көріністі 3D графика арқылы шынайылыққа өткізу), тәсілдемесі арқылы әлдеқайда қызық әрі түсінікті, деген пікірде стартаперлер.

- "Рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласында Елбасы рухани және мәдени құндылықтарды сақтауға әрі толықтыруға шақырады. Сонымен қатар елімізде үштілділік саясатты дамыту кезеӊінде білім беру саласына инновациялық технологияларды енгізу қажеттілігі туындады. Ал, қазіргі таӊда бәсекеге қабілетті және парасатты ұрпақ тәрбилеу қоғамдағы өзекті мәселелердіӊ бірі. Осылайша, мемлекет басшысыныӊ басым тапсырмалары балаларға білім беру құралыныӊ туындауына түрткі болды. Біздіӊ бастапқы мақсатымыз - ойын қосымшасы арқылы балаларды тіл үйренуге баулу, сондай-ақ қазақстандық жеткіншектердіӊ патриоттық сезімін ояту, дейді - жоба авторларыныӊ бірі Исел Қабылбекова.

Жобаны толық жүзеге асыруға әзірлеушілерге жарты жылға жуық уақыт қажет болған. Құрастыру жұмыстарына отандық аниматорлар мен белді IT-мамандар тартылған.

Айта кеткен жөн, Zhanuar 4D СДУ түлектерініӊ алғашқы өнімі емес. 2017 жылдыӊ ақпан айында жоба жетекшілері Нұрсұлтан Ажимуратов пен Азамат Төлегенов 8-14 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған бірінші IT академиясыныӊ тұсауын кесті. Академия базасында балалар: робототехника, бағдарламалау, графикалық дизайн, бейнемонтаж, аниамация, ойын құрастыру және сайт жасау, 3D моделдеу және т.б. кешенді компьютерлік білім алады. Осы уақытқа дейін академия тәрбиеленушілері 12 робот түрін, 30 бірегей ойын әзірлеп, 600 бейнеролик монтаждап үлгерген.

- Еӊ жас IBM құрастырушысы 13 жаста, 14 жасар оқушыныӊ Samoliotik атты ойыны, оған небәрі бір ай ішінде 4500 АҚШ доллары көлемінде қаражат әкелген, сонымен қатар АҚШ-тық 12 жасар жасөспірім жеке ойындарын құрастырып, бағдарламалаудан дәріс береді, - деп бөліседі жоба авторлары.

Өнертапқыш топтыӊ ендігі жоспары - "Көкөністер мен жеміс-жидектер", "Космос", "Казақтыӊ салт-дәстүрлері" атты балалардыӊ ақыл-парасатын дамытатын бірқатар мобильді қосымшаларын құрастыру. Сонымен қатар отандық туризмді кеӊінен насихаттау мақсатында "Виртуалдықазақ үй" атты жоба алдағы уақытта халық назарына ұсынылмақ. Жобаныӊ концепциясына сәйкес, кез-келген қызығушы киіз үйге кіріп, VR көзілдірік арқылы 17-18 ғысырдағы қазақ қонысын тамашалай алады.

Ал, Zhanuar 4D тұӊғыш балалар мобильдік қосымшасыныӊ тұсаукесер рәсімі Алматы қаласындағы SMART POINT коворкинг орталығында өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны