18.12.2015, 12:24 3917

Сегіз жарым тонна насыбай

Ақтөбе шекара отрядыныӊ "Жайсан - авто" бақылау-өткізу бекетініӊ (қазақ-ресей шекарасы) шекара наряды осы жылдыӊ 17-желтоқсаны күні 14 сағат 00 минут шамасында үлкен көлемдегі жүкті заӊсыз жолмен өткізуге тырысқан қазақстандық азаматты ұстады

Астана. 18 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбе шекара отрядыныӊ "Жайсан - авто" бақылау-өткізу бекетініӊ (қазақ-ресей шекарасы) шекара наряды осы жылдыӊ 17-желтоқсаны күні 14 сағат 00 минут шамасында үлкен көлемдегі жүкті заӊсыз жолмен өткізуге тырысқан қазақстандық азаматты ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, "MAN" жүк машинасын мінген біздіӊ отандасымыз - 1993 жылы туылған К.Қалиев деген азамат жалпы салмағы 8500 кг болатын жүкті шекара бекетінен ешбір құжатсыз алып өтуге әрекеттенді. Ал контрабандалық жүгі кәдімгі насыбай болып шықты. Жалпы құнын есептегенде 10 миллион теӊгеге жетіп жығылды.

Аталған дерек бойынша материалдар Ақтөбе облысыныӊ Мәртөк аудандық ішкі істер бөліміне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны