Система Orphus

Сейсенбі күні Италияның солтүстігінде болған күшті зілзала құрбандарының саны өсіп келеді

31.05.2012, 12:38 667

Астана. 31-мамыр. Kazakhstan Today - Сейсенбі күні Италияның солтүстігінде болған күшті зілзала құрбандарының саны өсіп келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазіргі кезде жер сілкінісінен 16 адам қаза тауып, жүзден аса адам жарақат алғаны белгілі.

АҚШ геологиялық қызметі Италияның солтүстігінде үш мәрте жер сілкінгенін хабарлады. Ең күшті жер асты дүмпудің күші Рихтер бағамы бойынша 5,8 балл құрады. Осыдан кейін болған тағы да екі жер сілкінісінің қуаты 4,7 балл болған. Өкімет өкілдері апат құрбандары мен зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін дейді. Құтқарушылар қираған ғимараттардың үйінділерін аршып жатыр.

Алғашқы мәліметтер бойынша, 6 мыңға жуық адам уақытша баспаналарға орналастырылды. Көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтатып, бірнеше қала арасында темір жол қатынасы үзілген. 20-мамырда, Италияда күші 5,9 балл құраған зілзала болып, 7 адам қаза тапқан еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны