29.01.2013, 11:42 3221

Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында аяз сақталады

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 29 қаңтар, сейсенбі күні ауқымды антициклон Қазақстанның басым аумағында аяздың сақталуына ықпал етеді. Кей жерлерде боран күшейеді.

Астана. 29-қаңтар. Kazakhstan Today - Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында аяз сақталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 29 қаңтар, сейсенбі күні ауқымды антициклон Қазақстанның басым аумағында аяздың сақталуына ықпал етеді. Кей жерлерде боран күшейеді.

Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігі атмосфералық ағымдардың ықпалында болып, қар жауып, күшті жел соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, көктайғақ болады деп болжануда.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде, Ақмола облысында күндіз кей жерлерде боран күшейіп, жел минутына 15-20 м жылдамдықта соғады. Атырау облысында, түнде Қарағанды облысында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейе түсуі мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз аздаған боран соғуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны