13.12.2011, 13:51 2998

Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман болады. ШҚО-ның кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Астана. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 13 желтоқсан, сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы жағдайы сақталады.

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман болады. ШҚО-ның кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында - тұманды.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің күші 18-23 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында сондай-ақ тұман күтілуде. Атырауда секундына 15-20 метр күшпен жел соғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны