15.01.2013, 15:03 3264

Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынды болады

"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, сейсенбі, 15 қаңтар күні Қазақстанның басым аумағы циклон және циклонмен байланысты фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Осыған орай қар жауады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады, боран соғады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында хабарланды.

Астана. 15-қаңтар. Kazakhstan Today - Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, сейсенбі, 15 қаңтар күні Қазақстанның басым аумағы циклон және циклонмен байланысты фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Осыған орай қар жауады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады, боран соғады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында хабарланды.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел күші 17-22 м/с, кей аудандарда жел екпіні 30 м/с жетеді.

Павлодар облысында боран соғады, жел күші 15-20 м/с, кей жерлерде жел екпіні 25 м/с жетеді. Ақмола облысында боран соғады, жел күші 17-22 м/с, екпіні 25 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында боран соғады, жел күші 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді.

Қостанай облысында боран соғады, жел күші 17-22 м/с болады. Ақтөбе облысында жел күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде боран соғады, жел күші 15-22 м/с жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел күші 15-20 м/с, күндіз кей аудандарда боран соғады, көктайғақ болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, боран соғады, жел 17-22 м/с болады. Алматы облысында күндіз жел күші 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны