22.01.2013, 11:45 3173

Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында қар жауып, боран соғады

"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, сейсенбі, 22 қаңтарда Қазақстанның басым аумағы фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы құбылмалы болады, қар жауып, боран соғады, жел күшейеді, кейбір аудандарда тұман түседі, көктайғақ болады.

Астана. 22-қаңтар. Kazakhstan Today - Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, сейсенбі, 22 қаңтарда Қазақстанның басым аумағы фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы құбылмалы болады, қар жауып, боран соғады, жел күшейеді, кейбір аудандарда тұман түседі, көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында боран соғады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран соғады, жел күші 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/ с дейін күшейеді. Атырау облысында күндіз жел 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Маңғыстау облысында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай, Ақтөбе облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны