24.02.2015, 10:04 3882

Сейсенбіде Қазақстанныӊ басым бөлігінде бұрқасын болып, тұман түсуі күтілуде

Сейсенбі, 24 ақпанда Қазақстанныӊ басым бөлігі бұрынғыша антицлонныӊ ықпалында болады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлайды

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Сейсенбі, 24 ақпанда Қазақстанныӊ басым бөлігі бұрынғыша антицлонныӊ ықпалында болады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ел өӊірлерініӊ басым бөлігінде күн ашық болады, тек солтүстік, оӊтүстік, шығыс аймақтарда ауа ағыныныӊ әсерінен кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады, жел күшейеді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі

Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысында - тұман, түнде жел тұрады, түнде ұйтқыған желдіӊ жылдамдығы 25 м/с. жетеді.

Оӊтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с. жылдамдықпен жел тұрады. Ақмола облысында түнде және таӊертеӊ кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел күшейеді, жылдамдығы -15-20 м/с.Қостанай облысында кей жерлерде тұман болады, таӊертеӊ және күндіз желдіӊ екпіні 18 м/с. жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсуі мүмкін, көктайғақ, бұрқасын болады, күндіз жел күшейіп, жылдамдығы15-20 м/с. жетеді.

Павлодар облысында күндіз бұрқасын күтіледі, желдіӊ екпіні -15-20 м/с.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны