28.05.2008, 14:19 2661

Сейсмологтар Алматыда таяу уақытта қатты жер сілкінісі болады деген қауесетті теріске шығарды

Сейсмологтар Алматыда таяу уақытта қатты жер сілкінісі болады деген қауесетті теріске шығарды

Алматы. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сейсмологтар Алматыда таяу уақытта қатты жер сілкінісі болады деген қауесетті теріске шығарды. Бұл туралы ғалымдар бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Сейсмология институтының болжау комиссиясы апта сайын өңірдегі сейсмикалық жағдайға қатысты топшыламаны шығаруда. Зілзала қаупі жағдайында ведомствоаралық болжау комиссиясы жиналады. Биылғы жылы қажеттілік болмағандықтан бұл комиссияның отырысы өткізілген жоқ. Яғни, Алматының болжау полигонындағы жағдай тұрақты ", - деп мәлімдеді Сейсмология институтының директоры Таңаткан Абақанов.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Ибдірахман Күрскеев айтқанындай, "таяу жылдары жер сілкінісі болады деп күтілуд. Ондай жерлер белгіленді. Қазақстанның қандай да бір аумағында жер сілкінісі болады, бірақ қашан болатынын дөп басып айту қиын".

Ғалымдар түрлі ақпарат көздерінің жер сілкінісі туралы тарататын қауесеттеріне назар аудармауға шақырды. Егер мұндай қауіп төнетін болса, онда мұндай ақпарат шұғыл түрде республика үкіметіне беріледі. Ал үкімет мүшелері тұрғындарға ақпарат беру мәселесін өздері шешеді.

Ғалымдар хабарлағанындай, зілзаланың болатынын алдын-ала айту мүмкін емес. Ол үшін сейсмикалық жағдайы қауіпті аймақтарда жер қатпарларындағы өзгерістерді бақылайтын арнайы станциялар орнатылған.

"Жер сілкінісі алдында, күн кенеттен қатты ысып, электр магнитті сәуле көбейіп, су деңгейі көтеріледі және тағы да басқа тосын оқиғалар тіркеледі. Болжамды 100 пайыз болмаса да беруге болады", - деп мәлімдеді Ибдірахман Күрскеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны