02.02.2016, 14:33 3815

Сексеуілден Қызылордаға қосымша вагон қатынайды

Жолаушылар тасымалы" АҚ көпшіліктіӊ сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2016 жылдыӊ 05-ші наурызы мен 28-ші тамызы аралығында "Қызылорда-Сексеуіл" бағыты бойынша қосымша вагонныӊ тағайындалғаны туралы хабарлайды.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" АҚ көпшіліктіӊ сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2016 жылдыӊ 05-ші наурызы мен 28-ші тамызы аралығында "Қызылорда-Сексеуіл" бағыты бойынша қосымша вагонныӊ тағайындалғаны туралы хабарлайды. Вагон №377/378 "Алматы-2-Манғышлақ" жолаушылар пойызыныӊ құрамында аптасына екі рет қатынайтын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қосымша сұрақтар бойынша темір жол вокзалдарыныӊ кассаларына немесе 105 бірегей анықтама қызметіне телефон шалыӊыз.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны