27.07.2015, 16:36 3918

Семей Абайдыӊ 170 жылдығын тойлауға әзірленуде

Абай Құнанбаевтыӊ 170 жылдық мерейтойына орай, Шығыс Қазақстанда бір емес, қатарынан бірнеше мерекелік шаралар өтпек. Ирбір шара қазақ жазба әдебиетініӊ негізін қалаған ақынныӊ келбеті мен шығармашылығын жаӊа қырынан аша түспек

Астана. 27 Шілде. Kazakhstan Today - Абай Құнанбаевтыӊ 170 жылдық мерейтойына орай, Шығыс Қазақстанда бір емес, қатарынан бірнеше мерекелік шаралар өтпек. Ирбір шара қазақ жазба әдебиетініӊ негізін қалаған ақынныӊ келбеті мен шығармашылығын жаӊа қырынан аша түспек, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазіргі заманғы қазақстандық қоғам үшін халық ағартушысыныӊ рухани мұрасын зерттеп, зерделей білудіӊ маӊызы зор. Абай Құнанбайұлыныӊ 170 жылдығына арналған мерекелік шаралар легі "Абай және әлемдік өркениет" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясынан бастау алады. Конференцияға шетелдік жетекші әдебиеттанушылар, философ, тарихшылар, әлеуметтанушылар, тіл мамандары мен Абай шығармаларын әлем тілдеріне тәжімалаған шетелдік аудармашылар қатысады", - делінген хабарламада, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Ағымдағы жылғы мерейтойда Хәкім Абайдыӊ келбеті жаӊа қырынан таныла түспек. Мемлекеттік тілді дамыту қорыныӊ қаржыландыруымен, Шығыс Қазақстан облысынан шыққан, Қазақстан "Серпер" жастар сыйлығыныӊ, Мемлекеттік "Дарын", "Алтын қалам" сыйлықтарыныӊ лауреаты Ақберен Елгезектіӊ авторлығымен түсірілген "Абай" деректі фильмініӊ тұсауы кесіледі. Деректі фильмде көрермен-қауым халық ағартушысы Абайды жаӊа қырынан тани отырып, алған білімі, шығыс тәрбиесі жайлы құнды деректермен және басқа да осы уақытқа дейін беймәлім болып келген тұстарымен таныса алады.

Абай атындағы театрда "Адамзаттыӊ Абайы" атты салтанатты шарасы өтеді. Артынша дәл осы театрда көрнекті өнер майталмандарыныӊ қатысуымен концерттік бағдарлама жалғасын табады.

Абайдыӊ 170 жылдығында қонақ ретінде мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақындар, түркітанушылар, ғалымдар, профессорлар және Абай шығармасын аударған шетелдік жазушылар келеді.

Мерекелік шаралар 7-ші тамызда Абай ауданында жалғасады. Ауданында орналасқан этноауыл, мұражай-үйі, "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешені, "Еӊлік-Кебек" ескерткішінде болған шара қонақтары, Мамай батыр ескерткішініӊ ашылу салтанатында қатысады. Сондай-ақ, бұл күні Қарауылда Қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты, "Жорға жарыс", "Аламан бәйге", "Абай тойыныӊ бас палуаны" сынды сайыстар өтетін болады. Жоспарланған іс-шаралар "Адамзаттыӊ бәрін сүй, бауырым деп" атты Республикалық ақындар айтысына ұласады. Байрақты бәсекеге еліміздіӊ әр аумағынан келген 12 үздік айтыскер қатысады. Олардыӊ арасында Серікзат Дүйенғазин, Сара Тоқтамысова, Айнұр Тұрсынбаева, Айбек Қалиев сынды танымал айтыскерлер бақ сынасады.

Облыс басшысы орынбасарыныӊ айтуы бойынша, мерейтой ағымдағы жылы өзініӊ ауқымдылығымен ғана емес, танымдылығымен де ерекшеленеді. Яғни әрбір қонақ Абайдыӊ рухани және шығармашылық дүниесіне сапар шеге алады.

Абай қазақтыӊ ұлттық жазба әдебиетініӊ негізін қалаған ағартушы. Абайдыӊ артында қазақ халқыныӊ алтын қазынасы 170 өлеӊ, 56 аударма, поэма, 40 "Қара сөз" және бүгінгі күні танымал 200-ге жуық әндері мен күйлері қалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны