14.06.2007, 13:52 2687

Семей аймағында жергілікті мешіттер бастамасымен екі жазғы балалар лагері жұмыс істейді

СЕМЕЙ. 14 - маусым. Kazakhstan Today. Семей аймағында жергілікті мешіттер бастамасымен екі жазғы балалар лагері жұмыс істемек. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семей аймағының бас имамы Тыныштықбек қажы Яхияұлы хабарлады.

Оның айтуынша, жазда аймақ мешіттерінің жанында ағарту курстары жұмыс істейтін болады. Онда балалар араб қарпімен және Құран кәрімнің басты сүрелерімен танысатын болады. "Курстың ең ынталы тыңдармандары бір-екі апта табиғат аясында болуға мүмкіндік алмақ. Біз екі балалар лагерін ашпақпыз. Оның біреуі Семей қаласының маңында, ал екіншісі Аягөз қаласында болады", - деді Т. Яхияұлы.

"Жазғы демалысты істейтін іс табылмай босқа өткізгенше, бір жағынан тәрбие алып, ал екінші жағынан "екі қолға бір күрек" пайдалы өткізген дұрыс. Оның үстіне қазіргі уақытта көптеген түсініксіз ұйымдар мен діни секталар көбейіп барады. Олар өздеріне кішкентай балаларды тартады. Біз балаларды мұндайдан аулақ ұстауға тырысуымыз керек", - деді имам.

Жаз кезінде курсқа мыңнан астам баланы тарту жоспарланып отыр. Қазіргі кезде мұғалімдер құрамын жинақтау және оқушыларды қажетті әдебиетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар аяқталуға жақын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны