04.09.2018, 15:17 4354

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардыӊ салдарынан зардап шеккен азаматтар қосымша еӊбекақы және ақы төленетiн қосымша демалыс алуға құқылы

Радиациялық әсерге ұшыраған аумақта тұрып жатқан халық, тұратын аймағына байланысты 1-ден 2 дейінгі АЕК мөлшерінде қосымша еӊбекақы алуға, жыл сайын 5-тен 14 күнтізбелік күнге дейін ақы төленетiн қосымша демалыс алуға құқылы

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жарлығымен 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигоны жабылды.

Иртүрлі сарапшылардыӊ бағалауы бойынша шамамен 13 миллион тұрғын радиациалық сәулеленудіӊ әсеріне ұшыраған. Бүгінде олардыӊ ішінде шамамен 600 мыӊ адам Қазақстан аумағында тұрып жатыр.

Ядролық сынақтардан зардап шеккен халықты сауықтыру, оныӊ салдарларын жою мақсатында 1992 жылы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардыӊ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊы қабылданды.

Қабылданған Заӊға сәйкес 1949-1990 жылдар аралығында ядролық сынақтарды өткізу аймақта тұрған және тұратын радиациялық әсерге ұшыраған кезінде азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу қакралған.

Тек 2003-2017 жылдар аралығында радиациалық ластануға ұшыраған аймақтарда тұратын және тұрған 700,6 мыӊнан астам азаматқа 11,4 млрд, теӊге көлемінде біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төленді.

Радиациялық әсерге ұшыраған аумақта тұрып жатқан халық, тұратын аймағына байланысты 1-ден 2 дейінгі АЕК мөлшерінде қосымша еӊбекақы алуға, жыл сайын 5-тен 14 күнтізбелік күнге дейін ақы төленетiн қосымша демалыс алуға құқылы.

Сонымен бірге, төтенше және еӊ жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда тұратын, 1998 жылғы 1 қаӊтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардыӊ зейнетақысына үстемеақы қосылады.

1949-1963 жылдар аралығында төтенше және еӊ жоғары радиациялық қауіпті аумақта кемінде 5 жыл тұрған азаматтардыӊ жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа қарамай, зейнетақы алу құқығы көзделген, ерлер үшін -50 жасқа, ал әйелдер үшін 45 жасқа жеткенде.

Ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға өзге әлеуметтік төлемдермен қатар ай сайын 6,19 АЕК мөлшерінде, 2018 жылы - 14 887, ал Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық қаруды сынаудан болған радиациялық әсердіӊ салдарынан мүгедек болған адамдарға 7,55 АЕК мөлшерінде, 2018 жылы - 18 158 арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді, сондай-ақ оларға жоғарылатылған мөлшерінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы беріледі - бірінші топ мүгедектеріне - 79 479 теӊге; екінші топ мүгедектеріне - 67 882 теӊге; үшінші топ мүгедектеріне - 56 851 теӊге.

Ядролық сынақтардыӊ әсеріне ұшыраған аумақта тұратын бала туу жасындағы әйелдер мен балаларды әлеуметтік қорғауға үлкен көӊіл бөлінген, әйелдерге жүктілігіне байланысты ұзақ демалыс беріледі - қалыпты босанғанда күнтізбелік 170 күн және босануы ауыр болғанда немесе екі және одан көп балаларды туғанда күнтізбелік 184 күн.

Ядролық сынақтардыӊ әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдердіӊ санаторий-сауықтыру мекемелерінде тегін сауығуға (медициналық көрсетілімдері бойынша) құқығы бар.

Радиациалық қауіпті аумақта тұрған және зардап шеккен халықтыӊ денсаулық жағдайын тереӊ зерделеу үшін Семей қаласында 1991 жылдан бері Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. Жыл сайын 4 мыӊ адам кешенді медициналық тексеруден өтеді, 900 астам адам институттыӊ жоғары білікті мамандарынан арнайы медициналық көмек алады.

Семей полигонындағы ядролық сынақтардыӊ салдарынан зардап шеккен азаматтарды дербес тіркеуді қамтамасыз ету үшін институт базасында 2003 жылдан Мемлекеттік ғылыми автоматтандырылған медициналық тіркелім іске қосылған.

Бүгінде тіркелімде 353 мыӊнан астам адамныӊ дербес паспорттық-тіркеу және медициналық деректері бар.

ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігініӊ Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны