11.12.2006, 18:18 2790

Семей қаласының әкімі жасөспірімдерге - республика егемендігінің құрдастарына ескерткіштерді сыйға тартты

СЕМЕЙ. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін Семейдің әкімі Нұрлан Омаров 18 мектеп оқушысымен - Қазақстан тәуелсіздігінің құрдастарымен кездесіп, оларға ескерткіштер тарту етті,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Сендер біздің болашағымызсыңдар, Тәуелсіз Қазақстанды көркейтетін сендерсіңдер. Мен сендерге дамып келе жатқан республикамыздың лайықты азаматтары болып өсулеріңе шын жүректен тілектеспін,-деді әкім жасөспірімдерді желтоқсанның 16-ында тойланатын Қазақстанның 15 жылдығымен құттықтай отырып.

Н. Омаров мектеп оқушыларына Семейдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстыра келіп, кездесу соңында ескерткіш сағат пен кітаптар тарту етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны