04.07.2014, 20:16 5869

Семей кітапханасы тұрғындарға QR-код кітап сөресін ұсынды

Абай кітапханасы қала тұрғындарына арнап, "Оқитын Семей" акциясы аясында "Жүктеп алыңыз да, бірден оқыңыз!" атты QR-код кітап сөресі жобасын жұртшылық назарына ұсынды.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan today. Абай кітапханасы қала тұрғындарына арнап, "Оқитын Семей" акциясы аясында "Жүктеп алыңыз да, бірден оқыңыз!" атты QR-код кітап сөресі жобасын жұртшылық назарына ұсынды.

Қала әкімдігінің айтуынша, аталмыш жоба ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасы және "Нұр Отан партиясы саяси менеджмент мектебінің Шығыс Қазақстан аймақтық филиалының" қолдауымен жүзеге асуда.

Кітапхана қызметкерлері шараға қатысушыларды осы акцияға жұмылдыра отырып, шеберлік сабақтарын өткізді. "QR-code reader" бағдарламалары орнатылған ұялы телефондар және планшет тұтынушылары кітапхана ұсынған "QR- кітап сөресіндегі" кодтарды қарай отырып, өз қалаулары бойынша іс-тәжірибе жасады.

Нәтижесінде оқырмандардың көпшілігі А.Құнанбаевтың, И. Нұршайықовтың, М. Мақатаевтың, Қ. Жұмаділовтың, А. Бушковтың, Ж. Аймауытовтың, Стивен Кингтің, Даниэл Стилдің, Аркадий және Борис Стругацкийлердің шығармаларына назар аударды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны