04.06.2008, 22:25 2655

Семей өңірінде малдың бруцеллезбен ауру оқиғалары анықталды

Семей өңірінде малдың бруцеллезбен ауру оқиғалары анықталды

Семей. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Семей өңірінде малдың бруцеллезбен ауру оқиғалары анықталды. бұл туралы Семейдің мемлекеттік бас мал дәрігерлік инспекторы Жанат Рақышев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның ақпаратына сүйенсек, осыдан үш ай бұрын өңірде жекеменшік малда бруцеллездің болуын зерттеу бойынша емдік-профилактикалық жұмыстар басталған. Зерттеу барысында 27 ірі және 32 ұсақ малдың ауыратыны анықталды. Ауру оқиғалары Абыралы, Жазық, Достық ауылдық округтерінде, Шаған кентінде және басқа да аудандарда анықталды. қазіргі уақытта барлық ауру малдың көзі жойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны