07.12.2007, 19:23 3003

Семей өңіріндегі 28 ауыл мектебінің екеуінде ғана асхана жұмыс істейді

Семей өңіріндегі 28 ауыл мектебінің екеуінде ғана асхана жұмыс істейді

Семей. 7-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Семей өңіріндегі 28 ауыл мектебінің небәрі екеуінде ғана асхана жұмыс істейді. Бұл туралы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесінің жалпы санитарлық бөлімінің бас маманы Гүлнәр Дәуітбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

«Асханаларды жабдықтау үшін қаржы керек және де тұрмысы төмен, көп балалы отбасылардың балаларын ыстық тамақпен қамыту үшін мемлекеттің қосымша демеу қаржысы да қажет»,- деп санайды Гүлнәр Дәуітбаев. Семей әкімшілігінің жанындағы қалалық білім беру бөлімі бастығының орынбасары Николай Пивкин, ауыл мектептерінде асханалардың болмауының тағы бір себебі сапалы ауыз суының болмау, деп атап өтті.

«Бүгінде қаладағы 48 мектептің 42-де асхана бар. Мектеп асханаларының жұмыстарын оңтайландыру мақсатында білім беру бөлімі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесімен бірлесе отырып оларға тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі, соңғы жылдары сапаның жақсарып келе жатқандығын көрсетіп отыр»,- деп хабарлады Н. Пивкин.

Оның айтуынша, 11 ай бойы асханаларға тексеру жүргізу кезінде санитарлық нормалардың сақталуы, сатылатын өнімдердің сапасы, олардың сан алуандылығы және басқа да факторлар ескерілген. Г. Дәуітбаеваның сөздеріне сүйнсек, осы кезеңде талдау жүргізу үшін ішек талшықтары тобының бактерияларының болуын тексеруге 1200 шайынды алынған.

«Бұл көрсеткіш ыдыс-аяқтарды жуу режимін қадағалауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, тексеруге алынған 1200 шайындының 44-і талапқа сай емес болып шықты»,- деп хабарлады Г. Дәуітбаев. «Азық-түліктерді тексеру барысында олардың 4 пайызы талапқа сай емес екендігі анықталды»,- деп хабарлады мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесінің бас маманы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны