26.05.2009, 12:03 1676

Семей өңіріндегі жолдарды жөндеу жұмыстарын қанағаттанарлықсыз атқарғаны үшін "ОблШығысЖол" КМК басшысы жұмыстан босатылды

Семей өңіріндегі жолдарды жөндеу жұмыстарын қанағаттанарлықсыз атқарғаны үшін "ОблШығысЖол" КМК басшысы жұмыстан босатылды

Семей. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Семей өңіріндегі жолдарды жөндеу жұмыстарын қанағаттанарлықсыз атқарғаны үшін "ОблШығысЖол" КМК басшысы жұмыстан босату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы өңір әкімі 25 мамырда өткен кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Кеңес барысында Б. Сапарбаев облыстық жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары басқармасының бастығы Ертай Байбатшинге "ОблШығысЖол" КМК директоры Александр Федосовты жұмыстан босатуды тапсырды. Оның айтуынша, мұндай ауыстыруға "облыс әкімінің тапсырмаларын орындамау" себеп болған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Семей өңіріндегі жолдарды жөндеу жұмыстарына қатаң сын айтты.

"Қойылған тапсырмаларды орындаудағы жауапкершілік, алынған міндеттерді нақты әрі сапалы етіп атқару кез келген кәсіпорынның тиімді жұмысының басты көрсеткіші болып табылады. Бір өкініштісі мұны түсінбейтіндер жетіп жатыр",- деді Семей қаласындағы және оның сыртындағы жолдардың жөнделуін тексерген Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы былтыр құрылған "ОблШығысЖол" кәсіпорнының жұмысын "салғырттық", "көзбояушылық" деп бағалады.

Семей қаласының әуежайына дейінгі жол теліміндегі бұзылған жиектердің орны сапасы күмән туғызатын цементпен жапсырылған.

"ОблШығысЖол" қызмет көрсететін жолдардың ұзындығы 2247 шақырымды құрайды.

"Алайда, көріп отырғанымыздай кәсіпорын бөлінген қыруар қаражатқа қарамастан өзінің міндеттерін орындай алмай отыр. Ал бөлінген ақшы шынымен аз емес. Тек жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға облыстық бюджеттен 400 млн теңге бөлінген. Ағымдағы жөндеуге және көгалдандыруға облыс қазынасынан 434,3 млн теңге жолданды. "Жол картасын" жүзеге асыру аясында 224,6 млн теңге, "Алтайка-Чапаево" жолын орта жөндеуден өткізу үшін 346 млн теңге бөлінгені тағы бар. Қаражат мол, ал нәтиже шамалы",- деді ол.

"Бірқатар ескетулеріне қарамастан "ОблШығысЖол"-дың басшылығы тиісті қорытынды шығара алмады. Бұл міндет басқаның еншісіне бұйыратын сыңайлы",- деді өңір басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны