14.03.2007, 19:18 3777

"Семей орманы" аумағында күйген ағаш түбірлерін заңсыз кесу дерегі анықталды

СЕМЕЙ. 14-наурыз. Kazakhstan Today. "Семей орманы" резерватының аумағында "Бор" іс-шарасы барысында күйген ағаш түбірлерін заңсыз кесу дерегі анықталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің табиғатты қорғау және мал дәрігерлік полиция бөлімінің бастығы Батырхан Сүлейменов хабарлады.

Оның ақпараттарына сүйенсек, Бесқарағай ауданының Семеновка ауылындағы үйлердің бірінің ауласынан уақытша жұмыс істемейтін 29 жасар ауыл тұрғынана тиесілі әртүрлі диаметрлі таңбасыз және тиісті құжаты жоқ 60 өртенген орман бөренесі табылған. Сонымен қатар, Бесқарағай ауданының Жандос ауылында тұрғылықты тұрғынан таңбасыз және сәйкес құжаты жоқ 138 өртенген орман бөренесі табылды. Аталмыш деректер бойынша материалдар шешім қабылдау үшін "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерваты мемлекеттік басқармасының Бегеневский бөлімшесіне жіберілді.

"Бор" жедел - алдын-алу шарасы басталғаннан бері тиісті құжаты жоқ барлығы 75 текшеметр өртенген ағаш бөренелері тәркіленген.

Б. Сүлейменовтың мәліметтеріне сүйенсек, "Бор" іс-шарасы ағаштарды заңсыз отау, тасымалдау және орман ағаштарын ұрлау деректерін анықтау мақсатында жүргізіліп отыр. Рейдтік іс-шараға табиғатты қорғау және ветеринарлық полиция, қоғамдық қауіпсіздік, криминалдық және жол полициясының қызметкерлері тартылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны