14.04.2009, 15:52 3620

"Семей орманы" резерватының аумағында ағаш егу жұмыстары басталды

"Семей орманы" резерватының аумағында ағаш егу жұмыстары басталды

Семей. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Семей орманы" резерватының аумағында ағаш егу жұмыстары басталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" тілшісіне "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерватының бас директорының орынбасары Жұмағали Сағадиев мәлім етті.

Оның айтуынша, жалпы алғанда резерваттың барлық филиалдарының аумағында биылғы маусымда 2380 гектарға жуық орман дақылдары отырғызылады. Сондай-ақ, қуаңшылық салдарынан тұқымы өнбей қалған 1 мың гектар аумаққа қосымша қарағайлар егіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны