29.05.2007, 18:53 3295

"Семей орманы" табиғат резерватындағы зианкестердің шабуылы алаңдаушылық тудыруда

СЕМЕЙ. 29 - мамыр. Kazakhstan Today. "Семей орманы" табиғат резерватындағы қарағайдың жібек құртының шабуылы байқалуды, деп хабарлады журналистерге "Семей орманы" Мемлекеттік орман табиғи орман резерваты табиғатты қалпына келтіру бөлімінің бастығы Самат Муртазин.

"Резерват орманына қауіп төніп тұр. Орман зиянкестері осы жылы өте белсенділік танытуда. Қазіргі уақытта зиянкестер - қарағайдың жібек құрты орманның 10 мың гектарын зақымдаған",- деді С. Муртазин. Оның айтуынша, соңғы рет мұндай оқиға 2001 жылы тіркелген.

Қазір қарағай жібек құрты резерваттың Долоньск және Шығыс бөлімшесін түгелдей зақымдаған. "Жәндіктер ағашты қабықсыз қалдырып қана қоймай, аллергиялық реакция тудыратындығымен қауіпті. Ең қауіптісі жібек құртының личинкалары ағаш қабығының астында 7 жылға өмір сүреді",- деді С. Муртазин.

Ол осы жылы республикалық бюджеттен 20 млн-ға жуық теңге бөлінгендігін хабарлады. Бұл қаржыға зиянкестермен күресу үшін химикаттар сатып алынған. "Олар әуеәдісімен шашылады, бірінші кезекте зиянкестердің туындаған ошағы табылған алаңға себіледі. Аумақ мониторингі жалғасуда, өңдеуге тиесілі басқа да алаңдар анықталуда",- деді С. Муртазин.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны