03.04.2007, 17:42 3508

"Семей орманы" табиғи резерватының аумағынада қарағайларды заңсыз кесу дерегі анықталды

СЕМЕЙ. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің табиғатты қорғау және мал дәрігерлік полиция қызметкерлері "Семей орманы" табиғи резерватының аумағында қарағайларды заңсыз кесу дерегін анықтады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Семей орманы" табиғи резерватының Жаңа-Семей бөлімшесінің табиғи орман шаруашылығы аумағынан 75 қарағай кесілген.

Бесқарағай аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері жедел - алдын-алу шаралары барысында Семейдің 42 жастағы тұрғынын құрықтаған. Ол қарағайларды кескеннен кейін ағаш материалдарды тілгізу үшін ағасына жеткізген. Полицейлер сондай-ақ, осы ағаш тілгіштен 1530 бірлік кесілмеген тақтай мен 316 дөңбек тәркілеген.

"Орманшылардан жауап алу барысында, аталмыш орман аймағы Семейден небәрі бір жарым шақырым жерде орналасса да, соңғы екі айда тексерілмегендігі белгілі болды",- деп атап өтті баспасөз қызметінің басшысы Лариса Поломошнова. Аталмыш дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп, келген шығынның көлемі анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны