24.05.2007, 16:04 2657

Семей полицейлері әлдебір сектаның әрекетіне байланысты қалада дайындалып жатқан тәртіпсіздіктер туралы тараған дақпыртты жоққа шығарып отыр

СЕМЕЙ. 24 - мамыр. Kazakhstan Today. Семей полицейлері әлдебір сектаның әрекетіне байланысты қалада дайындалып жатқан тәртіпсіздіктер туралы тараған дақпыртты жоққа шығарып отыр. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семей қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ішкі істер басқармасы мұндай ресми мәлімдемені қалада әлдебір секта ертең, 25-мамырда құрбандық шалу рәсімін жасамақ, құрбандар кездойсақ адамдар болады-мыс деп таралған дақпыртқа байланысты жасап отыр.

"Соңғы кездері пайда болған еш негізсіз және тұрғындарды дүрліктіріп, алаңдаушылық пен қобалжу тудыратын дақпырттардың таралуы ыза тудырады ",- деп атап өтті баспасөз қызметінің бастығы Елубек Оспанов. Ол, Семей қаласының Ішкі істер басқармасының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және прокуратураның арнаулы бөлімдері тіпті ең қисынсыз дақпырттың өзін тексеруге міндетті екендігін және осы жолғы ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын түсіндірді. "Бұл - баланың сотқарлығы ма, немесе жастардың қылжақбастығы ма, онысын білмеймін. Өкінішке орай ондай жағдайда дақпырттың шыққан тегін анықтау бекер",- деп қосты Е. Оспанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны