06.06.2011, 15:45 3094

Семей тұрғындары жергілікті су арнасы мекемесінің қарыздары салдарынан тағы да ауыз сусыз қалуы мүмкін

"Семей-Су арнасы" МКК-нің пайдаланған электр қуаты үшін ақы төлемеуіне және "Шығысэнерготрейд" ЖШС алдындағы дебиторлық қарызының өсуіне байланысты электр қуатымен қамтушы ұйым аталмыш мекеменің мекен жайына электр энергиясын беру қызметіне шектеу енгізуге мәжбүр", - делінген хабарламада.

Семей. 6 - маусым. Kazakhstan Today - Семей тұрғындары жергілікті су арнасы мекемесінің қарыздары салдарынан ауыз сусыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Семейде жергілікті энергиямен қамтушы компания су арнасы нысандарына электр қуатын беруге шектеу енгізуде. "Шығысэнерготрейд" ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.

"Семей-Су арнасы" МКК-нің пайдаланған электр қуаты үшін ақы төлемеуіне және "Шығысэнерготрейд" ЖШС алдындағы дебиторлық қарызының өсуіне байланысты электр қуатымен қамтушы ұйым аталмыш мекеменің мекен жайына электр энергиясын беру қызметіне шектеу енгізуге мәжбүр", - делінген хабарламада.

"Бүгінгі күні Семей-Суарнасы" МКК келісім-шарттық міндеттерін орындамай отыр, сондықтан соңғы амалдарға баруға - энергияны көп қажет етуші нысандарға - "Семей-Су арнасы" МКК ұңғымалары мекен жайы бойынша электр энергиясын тасымалдауға шектеу қоюға мәжбүр болып отырмыз", - деді "Шығысэнерготрейд" ЖШС баспасөз қызметі.

"Бірнеше жылдар бойы "Семей Су арнасы" МКК "Шығысэнерготрейд" ЖШС-мен пайдаланған электр энергиясының тек азғантай мөлшеріне ғана есеп айырысып келген болатын. Ал 2011 жылдың басынан бастап су арнасының электр қуатын пайдаланғаны үшін қарызы 40 млн. теңгеге өсіп, 1 маусымдағы жағдай бойынша 242 млн. теңгені құрады. Соның ішінде бір ай ішінде коммуналдық кәсіпорынның электр қуатын пайдалану мөлшері сәуірде 17 млн. теңгеге тең болды, 4 700 млн. теңге төленді. Ал мамырда пайдаланған 17 837 млн. теңгенің электр қуаты үшін 0 теңге төленді", - деп толықтырды компания баспасөз қызметі.

"Халық үшін қолайсыз жайттардың алдын алу үшін "Шығысэнерготрейд" ЖШС-і Семей қаласының әкімшілігі мен ТЖ департаментін "Семей-Cу арнасы" МКК-не қатысты енгізілетін шектеулер жайында уақытылы ескертті. Семей қаласын сумен қамтамасыз етуді тоқтатпас үшін бар жауапкершілік "Семей-Cу арнасы" МКК-нің мойнында", - деді "Шығысэнерготрейд" ЖШС баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны