24.07.2013, 15:24 3176

Семей тұрғыны полицейді әдейі қағып кеткен

Семейде көлік жүргізушісі патрульдік полиция батальонының қызметкерін қасақана қағып кетті.

Семей. 24-шілде. Kazakhstan Today - Семей тұрғыны полицейді әдейі қағып кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Семейде көлік жүргізушісі патрульдік полиция батальонының қызметкерін қасақана қағып кетті.

Басқарманың мәліметіне сәйкес, оқиға 20 шілде күні түнгі 23.30-да Привокзальная көшесінде болған. Көлік жүргізушісі полицейдің нұсқауына бағынбастан, қасақана қаққан. Соның салдарынан 24 жасар полиция сержанты өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде омыртқасы сынып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға қатысы бар күдікті ұсталды. Ол 34 жасар Семей тұрғыны бұрын сотталмаған, жұмыссыз азамат болып шықты. Айыпты уақытша сұтау изоляторына қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол полицейді не үшін қаққанын әзірге айтқан жоқ, тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны