11.12.2009, 13:49 3320

"СемейАвиа" Алматыда өз филиалын ашты

"СемейАвиа" Алматыда өз филиалын ашты

Семей. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - "СемейАвиа" АҚ Алматыда өз филиалын ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Ертіс" ИКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

""СемейАвиа" АҚ директорлары кеңесінің шешімі негізінде Алматы қаласында авиакәсіпорынның филиалы құрылды. Алматыдағы филиалдың директоры болып Абдуләтіп Исаев тағайындалды. Филиал Алматының Түріксіб ауданы Майлин көшесі 38 "б" үйде орналасқан", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"СемейАвиа" АҚ - "Ертіс" ИКК-ның активі болып табылады. ИКК қатысу үлесі 90%. Қазірде ИКК "СемейАвиа" АҚ -ның ұшақтары паркін жаңалау жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Операциялық лизингіге батыста өндірілген екі ұшақ сатып алу жоспарлануда. ИКК тарапынан бұған 309 млн теңге бөлінген.

Қазір "СемейАвиа" АҚ Семей - Алматы - Семей бағытында аптасына бес тұрақты рейс шығарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны