02.09.2007, 13:21 3205

Семейде 1-қыркүйектен бастап қоғамдық көліктегі жол ақысы қымбаттады

Семейде 1-қыркүйектен бастап қоғамдық көліктердегі жол ақысы қымбаттады, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. СЕМЕЙ. Семейде 1-қыркүйектен бастап қоғамдық көліктердегі жол ақысы қымбаттады, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Автобустардың жол ақысы қымбаттады. Автобустардағы бұрынғы баға 20-дан 25 теңге аралығында болған. 1-қыркүйектен бастап баға 30 теңге болды. "Семей автопаркі" ЖШС диспетчерлік қызметінің хабарлауынша, жол ақысының қымбаттауы жанар-жағармай бағасының көтерілуіне байланысты.

Бағытты таксилердегі жол ақысы бұрынғыдай 35 теңге қалпында қалып отыр. Жол жүру билетінің бағасы әзірге өзгерген жоқ - 2 мың теңге.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны