16.10.2007, 17:28 2987

Семейде 1-ші ЖЭО жарылыс себебін анықтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды

Семейде 1-ші ЖЭО жарылыс себебін анықтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды.

Семей. 16-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде 1-ші Жылу Электр Орталығында болған жарылыс себептерін анықтау үшін мемлекеттік комиссия құрылды. Бұл туралы бүгін облыстық төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылау басқармасының бастығы Талғат Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның ақпараттарына сүйенсек, комиссия құрамына еңбекті қорғау өніндегі мемлекеттік инспекторлар, "Теплокоммунэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның өкілдері және де жәбірленуші жақ кіреді. "Комиссия жаппай қайғылы оқиғаның себебін анықтауға тиіс",- деп түсіндірді ол.

Т. Құсайновтың атап өтуінше, болжам бойныша жарылысқа көмір тозаңының жануы себеп болған.

"Біз жарылыстың диірменді тазалау кезінде немесе ғимаратта жарылыс қаупі бар ортаның пайда болуынан болғандығын нақты айта алмаймыз",- деді Т.Құсайнов.

Бұрын хабарлағанымыздай, 15-қазанда ЖЭО болған жарылыс кезінде төрт адам зардап шегіп, біреуі оқиға орнында қайтыс болған. "Екі адам өте ауыр халде жатыр",- деп қосты Т. Құсайнов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны