15.02.2008, 19:04 2861

Семейде 1-ші ЖЭО-дағы апат салдарынан қаланың Жаңасемей атты бөлігіне жылу беру параметрлері 30%-ға азайтылды

Семейде 1-ші ЖЭО-дағы апат салдарынан қаланың Жаңасемей атты бөлігіне жылу беру параметрлері 30%-ға азайтылды

Семей. 15 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде 1-ші ЖЭО-дағы апат салдарынан қаланың Жаңасемей атты бөлігіне жылу беру параметрлері 30%-ға азайтылды. Бұл туралы "Теплокоммунэнерго" ҚКК бас инженерінің орынбасары Сергей Карпачев хабарлады.

"Осыдан үш күн бұрын бір басты қазандықтағы түтінтартқының валы істен шықты, осыған байланысты жылу беру параметрлері төмендетіліп, ыстық су жіберілмей қалды. "БКЗ-75" қазандығы істен шықты, мұндай қуатты қазандықтан 1-ші ЖЭО-да екеу ғана бар, сол себепті параметрлер 30%-ға төмендетілді", - деді С. Карпачев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны