03.01.2008, 16:16 2974

Семейде 2007 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігі 18 млрд теңгені құрады

Семейде 2007 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігі 18 млрд теңгені құрады

Семей. 3 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейде 2007 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігі 18 млрд теңгені құрады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Семей әкімі Мейрамхат Айнабеков хабарлады.

"Егер 2006 жылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі 15 млрд теңгені құраса, биылғы жылы біз 18 млрд теңгені жинадық", - деді М. Айнабеков.

"Бұл арқылы біз әлеуметтік саланың бюджетін ұлғайтып, қаланы көркейтуге қосымша қаржыны қарастыратын боламыз", - деп атап өтті әкім. Ол айтқанындай, 2008 жылы әлеуметтік мәселелерді шешуге 500 млн теңге жұмсалады. Сондай-ақ, бірінші рет республикалық бюджеттен жағдайы төмен отбасылардың баспаналарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы (50 млн теңге) бөлініп отыр.

М. Айнабеков атап өткеніндей, "елде жүріп жатқан күрделі инфляциялық процестерге байланысты туындап жатқан жағдайларға қарамастан, семейлік кәсіпкерлер қызмет түрлеріне және өндіріп жатқан тауар бағасын өз еріктерімен төмендетуде".

Икімнің айтуынша, тасымал қызметімен айналысатындардың ұсынысы бойынша, олар 9 санаттағы 100 мың азаматқа тегін қызмет көрсетуде."Жуырда ғана негізгі бағыттармен жүретін автобустардың жол жүру ақысы 30 теңгеден 20 теңгеге төмендетілді. Бұл басқа қалалармен салыстырғанда арзан ", - деді қала әкімі.

Ол айтқанындай, Семейде негізгі азық-түлік бағалары бірқалыпты."Мәселен, бір бөлке нанның құны қала бойынша 35-40 теңгені құраса, басқа қалаларда оның бағасы әлдеқайда жоғары", - деп атап өтті М. Айнабеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны