08.02.2007, 17:10 3126

Семейде 2007-жылдан бастап шағын бу қазандықтары жойыла бастайды

СЕМЕЙ. 8-ақпан. Kazakhstan Today. Семейде 2007-жылдан бастап шағын бу қазандықтары жойыла бастайды. Бұл туралы журналистерге "Теплокоммунэнерего" МКК директоры Мұхтар Кембаев хабарлады.

Оның айтуынша, қалада қазір бірнеше ірі жылу көздерімен бірге 32 шағын бу қазандықтары жұмыс істеуде. "Оларды жою қажеттігі көптен бері туындаған. Шағын бу қазандықтары тиімсіз жұмыс істейді және технологиялық тұрғыда да үлкен шығын келтіруде. Біз әкімшіліктің алдына осындай бу қазандықтарын пайдаланудың орынсыздығы туралы мәселе көтердік",- деді М.Кембаев.

Оның айтуынша, 2006-жылы арнайлы талдау жұмыстары жүргізіліп, соның қорытындысы бойынша Семейдегі барлық шағын бу қазандықтары үш топқа бөлінген. Бірінші топқа болашақ 3-ші Жылу электр орталығының әрекеті аймағына енетін бу қазандықтары жатқызылған. Оларды жою тұрғындарған кері әсер етпейді. Өйткені, олардың функциясы жаңа жылу электр орталығына беріледі.

Екінші топқа орталықтандырылған жылу қамтамасыздығы аймағынан тысқары жерде орналасқан, бірақ, әлеуметтік маңызы бар бу қазандықтары қамтылды. Бұл бу қазандықтары ауруханалар, мектептер мен басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандар орналасқан аудардаға қызмет етеді. "Осынау бу қазандықтарын жабуға келмейді. Сол себепті оларға қатысты бірқатар техникалық шаралар қолданылып, олардың пайдалы жұмыс істеу коэффицентін көтеру және отын үнемдеу мәселелері шешіледі",- деді М.Кембаев.

Үшінші топқа орталықтандырылған жылу қамтамасыздығы аймағынан тысқары орналасқан әрі шығынды жұмыс істейтін шағын бу қазандықтары кірген. Оған "Авиаторлар қалашығы" және "Дорожник" сынды ықшамаудандар жатады. "Бұл жерде шығыннан өзге ешбір пайда жоқ. Жергілікті тұрғындар жылу үшін төлемді уақытылы төлеу дегеннен мүлдем бейхабар. Бұл жайт тіпті өзгерер емес",- дейді М.Кембаев.

Сол себепті оның айтуынша, ықшамаудандар аумағындағы бу қазандықтары жойылады. "Тұрғындарға басқа отынға ден қою туралы ұсыныс жасалады",- деді "Теплокоммунэнерего" МКК директоры. Оның айтуынша, бұл өңірде негізінен бір және екі қабатты үйлер болғандықтан, халық көмірге көшуі мүмкін. М.Кембаевтың айтуынша, тұрғындар дербес жылыту көзін өз қаржысына орнатады. Тек зейнеткерлер, ардагерлер мен жылу ақысын уақытында төлейтін тұтынушыларға ғана дербес жылу көзін орнатуға жеңілдіктер көрсетілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны