06.12.2007, 15:21 2854

Семейде 40 мыңнан астам жылжымайтын нысан заңдастырылған

Семейде 40 мыңнан астам жылжымайтын нысан заңдастырылған

Семей. 6-желтоқсан."Қазақстан Бүгін" - Семейде 40 мыңнан астам жылжымайтын нысан заңдастырылған. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында журналистерге Семей әкімінің орынбасары Серікқазы Оразалиев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның ақпараттарына сүйенсек, іс-шара жүргізу кезінде 28 761 өтініш қаралып, 1540 кері қайтарылған, 2645 өтініш бойынша заңдастырудан бас тартылған. Комиссия 24 576 өтініш бойынша заңдастыруға рұқсат берген, бұл 44 324 нысан болып табылады.

«44 мың нысанның 40 пайызы өкілетті органдарда әлі тіркеуден өткен жоқ. Тұрғындар комиссия олардың үйлеріне өздері келеді деп ойлайды. Біздің міндетіміз - өтінішті қарап, шешім қабылдау, ал қалғаны өкілетті органдар мен тұрғындардың өздерінің ісі»,- деп түсіндірді С. Оразалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны