06.07.2006, 18:56 3327

Семейде 500-ге жуық жеткіншек наркодиспансерде есепте тұр

СЕМЕЙ. 6-шілде. Kazakhstan Today. Семейде 500-ге жуық бала наркодиспансерде есепте тұр. Бұл жөнінде дәрігер-нарколог Гүлнәр Асылбекова хабарлады.

Оның айтуынша, есепте тұрған 14 балаға «маскүнем» деген диагноз қойылған.
Есепке алынғандар 10-13 жас аралығындағы жасөспірімдер.

Г. Асылбекованың мәліметіне қарағанда, нашақорлықтың алдын алу мақсатында және маскүнемдікті ауыздықтау үшін наркологиялық диспансер Семейдегі 12 аула клубымен қарым-қатынас орнатқан. Ир клубқа дәрігер бекітілген. Ақ халаттылар балалармен үнемі нашақорлықтың кесірі жайында әңгіме жүргізеді,-дейді Г.Асылбекова.

Нарколог-дәрігердің айтуынша, есірткіге тәуелділік неғұрлым ертерек анықталса , сауығып шығу мүмкіндігі артады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны