14.02.2008, 12:29 1378

Семейде аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

Семейде аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

Семей. 14 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық басқармадағылар хабарлады.

"Бүгін Семейде сынап бағанасы 27 градус аязды көрсетті, осыған байланысты қаладағы мектептерде 1 мен 9 сыныптар үшін сабақтар тоқтатылды", -дейді басқармадағылар.

Айдың екінші онкүндігінде Шығыс Қазақстанда ауаның температурасы түнде 19-24, кей жерлерде 14 градус төңірегінде болмақ. Ал онкүндіктің аяғына таман сынап бағанасы түнде 28 - 33, күндіз 20 градус аязға дейін төмендейді.

Үшінші онкүндікте сынап бағанасы түнде 6, кей жерлерде 1 градусқа дейін суықтықты, ал күндіз 3 градусқа дейін жылыны көрсетеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны