04.04.2012, 10:04 4015

Семейде "Алла" жазуы бар арақ шықты

"Бұндай сусынды адам тұрмақ, итке берсең ит те ішпейді. Осындай харам дүниеге "Аллаһ" деген сөзді жазған деген масқара дүние! Біздің дінге деген мазақ деп ойлаймын!", - дейді осы жазуды алғаш аңғарған Семей қаласының тұрғыны Еркебұлан Нұғманов.

Астана. 4-сәуір. Kazakhstan Today - Семей дүкен сөрелерінде жапсырма қағазында "Алла" жазуы бар арақ пайда болыпты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

КТК телеарнасының хабарлауынша, "бұндай сусынды адам тұрмақ, итке берсең ит те ішпейді. Осындай харам дүниеге "Аллаһ" деген сөзді жазған деген масқара дүние! Біздің дінге деген мазақ деп ойлаймын!", - дейді осы жазуды алғаш аңғарған Семей қаласының тұрғыны Еркебұлан Нұғманов.

Өз көзіне сенбеген, Еркебұлан арам су толтырылған бөтелкені бірден жергілікті мешітке апарып көрсетіпті.

Араб әріптерімен жазылған сөздер дін қызметкерлерінің де жағасын ұстатты. Алғашында олар мұндай жайттың орын алуы мүмкін екендігіне де сенбеген. Тек сол арам су толған шөлмекті көргенде ғана онда "Аллаһ" сөзінің бар екеніне көз жеткізді.

"Алланың сөзін сондай арам нәрсеге жазған кісілер өте қиын жағдайға түседі. Сол үшін оны дер кезінде білмеген болса, Аллаһ тағаладан кешірім сұрап, ол нәрседен өзін тыюы керек", - деді өндірушілердің мұндай бассыздығына наразылық білдірген Семейдегі Тыныбай мешітінің бас имамы Бекзат Боранбайұлы.

Бағасы 600 тенгеден аспайтын арам су Ақтөбе қаласында өндірілген. Арақ шығаратын "Геом" серіктестігінің басшылары осы мәселеге байланысты мәлімдеме жасаудан бас тартты. Ал зауыт қызметкерлерінің сөзінше, олар Аллаһ жазуына қатысты бұрыннан хабардар болған. Барлық кінәні қаптама қағазды жеткізетін ресейлік серіктестеріне артып отыр.

"Бізден кінә жоқ. Этикетканы Ресейден алдыртамыз. Ондағы әріптестеріміз сол қатырма қағазды әкеліп берді. Біз тек дайын қағазды сатып алып, арақтың сыртына жабыстырып отырамыз. Бұл туралы Астанадағы құзырлы мекемелерге де түсінітемемізді беріп қойғанбыз", - деп ақталумен болды зауыт қызметкері.

Астанадағы құзырлы орган өкілдері бұл жайында хабардар болса да, Алланың атын қорлағандарға ешқандай шара әлі қолданбай келеді. Тіпті "Аллаһ" аты басылған арақ әлі де сатылымда бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны