18.06.2007, 11:26 1374

Семейде аптап ыстық салдарынан "жедел жәрдем" шақыру оқиғалары көбейді

СЕМЕЙ. 18-маусым. Kazakhstan Today. Семейде аптап ыстық салдарынан гипертониялық дертке шалдыққандардың "жедел жәрдем" шақыру оқиғалары көбейді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық жедел жәрдем станциясынан хабарлады.

Станциядағылардың түсініктемесіне сәйкес, тәулігіне орта есеппен 400 шақыруға баруға тура келуде. Өткен демалыс күндері науқастардың үштен бір бөлігін қысымы көтерілген адамдар құраған. "Бұл ауа температурасының күрт көтеріліп кетуіне байланысты. Зейнеткерлер мен жүрегінде ақауы бар адамдар көтере алмай қалып жатыр",- дейді станциядағылар.

Гипертониялық кризбен "03" қызметінің көмегімен жүгінгендердің орташа жасы 55 жастан жоғары.

16-17-маусымда Семейде сынап бағанасы 37 градусқа жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны