01.08.2008, 15:13 2983

Семейде аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдемді шақыру көбейді

Семейде аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдемді шақыру көбейді

Семей. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Семейде аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдемді шақыру көбейді, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық жедел жәрдем станциясына сілтеме жасап.

"Егер әдетте күн сайын 350 шақыру тіркелсе, қазіргі аптап күндері шақырулар саны 450 - 470-ке жетті. Қан қысымы барлар мен жүрегі ауыратын адамдарға қазір оңай соқпай тұр. Қапырық ыстық оларға кері әсерін тигізуде. Күн қызуынан уланғандар саны көбейді", - дейді станциядағылар.

Сонымен бірге ыстықтан қорғанамыз деп өте суық су ішу салдарынан тамақ аурулары асқынғандар мен тоңып қалғандар да көп.

Дәрігерлер биылғы жаздың ерекше ыстық екенін атап өтуде. "Мысалы, кеше Цельсий өлшемі бойынша + 53 градус, ал бүгін + 44 градус ыстық тіркелді", -деп хабарлайды станциядағылар.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының ақпаратына сәйкес аптап ыстық Семейде 2 тамызға дейін созылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны