13.08.2015, 11:52 3163

Семейде автокөлік өртеніп, екі адамды күйік шалды

Семейде уақытша автотұрақтағы Lada Largus көлігі өртеніп кетті, оныӊ ішінде болған екі адамныӊ денесін күйік шалды

Семей. 13 Тамыз. Kazakhstan Today - Семейде уақытша автотұрақтағы Lada Largus көлігі өртеніп кетті, оныӊ ішінде болған екі адамныӊ денесін күйік шалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

12 тамыз күні түске қарай Семей қаласындағы Қалқыма көпірдіӊ жанында Lada Largus көлігі түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Өрт салдарынан 1966 жылы туған ер адам мен 1978 жылы туған әйел ауруханаға жатқызылды. Жалын сағат 12:23-те толық сөндірілді", - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Lada Largus автокөлігі 2013 жылы шығарылған екен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны