15.12.2006, 12:43 3051

Семейде бір айда он адам қызылшамен ауырды

СЕМЕЙ. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today. Семейде бір айда он адам қызылша ауруына шалдыққан. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қалалық денсаулық сақтау басқармасы емдеу профилактикалық көмек бөлімінің меңгерушісі Илия Бегалина хабарлады.

Оның ақпараты бойынша, қызылша жылдың суық мезгілінде өршиді. "Мәселен, маусым тамыз айларында қызылшаға қатысты бірде -бір жағдай тіркелген жоқ, ал қараша айында бірден он жағдай",-дейді И.Бегалина.

Оның айтуынша, көбінесе қызылшамен бір жастан он төрт жас аралығындағы балалар ауырады. Кесел жұқтырғандардың 98% осы жас аралығындағы жасөспірімдер. Соңғы бір айда науқастанғандардың бәрі орта жастағы мектеп оқушылары.

Жыл басынан бері Семейде қызылшаға қатысты 133 жағдай тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны